Трамп та Макрон сияқты келіншегімен тікұшақта сөзге келіп қалды

Видео олар "Marine One" тікұшағында отырғанда түсірілген. 

Трамп та Макрон сияқты келіншегімен тікұшақта сөзге келіп қалды Фото: Бейнежазбадан

Ол жерден АҚШ президентінің саусақпен меңзеп, оған Мелания Трамптың басын шайқап жауап берген сәтін байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Десе де, шолушылар бұл жайтты сан-саққа жүгіртіп жатыр. Бірі жанжалдың болғанын жорамалдаса, екінші тарап әңгіме мүлдем басқа сипатта өрбігенін жазады. 

Daily Mail порталы Дональд Трамп пен жұбайы Мелания Трамптың арасында тікұшақта болған келіспеушіліктің камераға түсіп қалғанын жазған. 

Кадрдан Трамптың Меланияға ашулы күйде бір нәрсе түсіндіріп жатқаны, тіпті саусағын шошайтып, қатты сөйлегені таспаланған. Ал Мелания болса, басын шайқап, үнсіз ғана жауап қайтарған. 

Жағдайдың нақты не үшін бұлай болғаны белгісіз. Видеоның Трамптар БҰҰ Бас Ассамблеясынан Нью-Йоркке оралған кезде түсірілгені туралы дерек бар. 

4 ай бұрын Франция президенті Макронды әйелі бетінен шапалақпен салып жіберген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу