Трамп төңірегіндегі айқай-шу теңгенің бәсін көтерді

903

Трамп төңірегіндегі айқай-шу теңгенің бәсін көтерді

KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, 19 мамыр күні 1 АҚШ доллары 312,89 теңгеге теңесті, деп хабарлайды naryk.kz.

Естеріңізге сала кетсек, өткен апта Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ақүйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен еді. Осы кездесуден кейін жергілікті ақпарат құралдары Ақүй басшысының Ресей өкіліне құпия құжаттарды беріп жібергені туралы ақпарат таратқан.

Осы ақпараттың артынша Трампқа саяси элитаның сенімі бұрынғыдан да әлсіреп, нәтижесінде доллардың өзіндік құны Трамп президент болғалы ең төменгі деңгейге түсіп кеткен еді.

Бұл өз кезегінде мұнай бағасына да ықпал етті. ОПЕК ұйымы жиынының жақындауы мен жоғарыдағы доллардың әлсіреуі аясында мұнай бағасы бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де бренд маркалы мұнай құны 0,80 пайызға қымбаттап, 52,92 долларға теңесіп, 24 сәуірден бергі жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу