Трамп Түркияға қарсы санкция жариялау туралы райынан қайтты

841

Америкалық басылымдардың ақпаратына сүйенсек, қазір Трамптың Түркияға назар аударатын мұршасы жоқ. Сайлау жақындап қалды. Сондықтан ол ішкі мәселелерге бас қатыруда.

Трамп Түркияға қарсы санкция жариялау туралы райынан қайтты

Дональд Трамп Түркияға қарсы санкция жариялау туралы райынан қайтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Дегенмен сенаторлар бұнымен келіспейді. Оларға түріктердің Ресейден Эс-400 зымыран жүйесін сатып алғаны және Кремльмен жақсы байланыс орнатқаны ұнамайды.

"Мұның соңы НАТО, АҚШ, тіпті Түркия үшін де жақсылыққа әкелмейді",– деді сенатор Тед Круз.

Америкалық басылымдардың ақпаратына сүйенсек, қазір Трамптың Түркияға назар аударатын мұршасы жоқ. Сайлау жақындап қалды. Сондықтан ол ішкі мәселелерге бас қатыруда.

Ал сенаторлар түрік экономикасын америкалық және халықаралық займдарды алу құқынан айырып, банк активтерін бұғаттап, ол елдің шетелдік биржалармен байланысын шектегісі келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу