Трамп түрмеге қамалуы мүмкін

814

Сейсенбіде АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа тағылатын 34 айыптың әрқайсысы оны төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруға мүмкіндік береді. 

Трамп түрмеге қамалуы мүмкін Фото: РИА новости

Бұл туралы дүйсенбіде Yahoo News порталы прокуратурадағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Дональд Трамп сейсенбіде қамауға алынып, қаржылық құжаттарды бұрмалағаны үшін оның атына 34 қылмыстық тармақ бойынша айып тағылғаны туралы хабардар етіледі", — делінген хабарламада.

Нью-Йорктің Қылмыстық кодексіне сәйкес, тағылған айыптар оны төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруға толық негізі бола алады.

CNN телеарнасының хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президентіне 30-дан астам айып тағылған, оның ішінде бизнестегі алаяқтық әрекеттерге қатысты. 

Нью-Йорк полициясы АҚШ-тың экс-Президентіне тағылған айыпқа байланысты наразылықтарға жауап беруге дайын екенін хабарлағанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу