Трамп тұтқындағы ДАИШ содырларын босатпақ

846

Қазір АҚШ пен оның жақтастарында Еуроодақ елдерінен келген екі жарым мың лаңкес тұтқында отыр.

Трамп тұтқындағы ДАИШ содырларын босатпақ

АҚШ басшысы Дональд Трамп кәрі құрлық елдерін тағы бір қорқытып алды, деп хабарлайды Atameken Business.

"Егер Еуропалық Одақ қолға түскен ДАИШ содырларының ішіндегі азаматтарын өз елдері қайтарып алмаса, біз оларды босатуға мәжбүр боламыз", –­­ деп мәлімдеді Ақ Үй басшысы.

Қазір АҚШ пен оның жақтастарында Еуроодақ елдерінен келген екі жарым мың лаңкес тұтқында отырған көрінеді.

Трамптың мәлімдеуінше қолға түскен баскесерлер онсыз да Еуропа елдеріне, Франция, Германияға бағыт алып бара жатқан. Сондай-ақ, Құрама Штаттар президенті АҚШ басшылық ететін коалиция күштері Ирак пен Сирияда 10 мыңға жуық лаңкесті ұстағанын және тағы 15 мың қандықол қарақшының бостандықта жүргенін жеткізді.

Айта кетейін, Ирак пен Сириядағы коалиция операциясы 2014 жылы басталған. Алайда, Шам елінде бұл қарулы күш заңсыз топтар қатарында. Онда Біріккен Ұлттар ұйымының ешбір қажетті мандаты мен мәртебесі және ресми Дамасктің келісімі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу