Трамп UFC жекпе-жегін Ақ үй аумағында өткізуді ұсынды

169

Айовада сөйлеген сөзінде Трамп 2026 жылы АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясының қабылданғанына 250 жыл толатынын еске салып, мерейтой аясында ел бойынша түрлі мерекелік шаралар өтетінін жеткізді.  

Трамп UFC жекпе-жегін Ақ үй аумағында өткізуді ұсынды Фото: www.rbc.ua

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп UFC жекпе-жегін Ақ үй алаңында өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Біз тіпті UFC жекпе-жегін ұйымдастыруымыз мүмкін, – деді ол.

Трамп UFC президенті Дана Уайтты ерекше атап өтіп, жекпе-жектің Ақ үй аумағында өтуі мүмкін екенін айтты.

– UFC жекпе-жегін Ақ үйдің аумағында өткізсек деп отырмыз. Елестетіп көріңізші, бізде ол үшін жеткілікті орын бар, – деді ол.

Оның айтуынша, жекпе-жекті тамашалауға 20–25 мың көрермен жиналуы мүмкін.

Дегенмен Трамп жекпе-жектің нақты қашан өтетінін және оған кімдер қатысатынын нақтылаған жоқ. Журналистер Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің сөздеріне сілтеме жасап, Трамптың расында осындай мәлімдеме жасағанын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу