Трамп Украина бойынша келіссөздерге қатысты тағы бір жаңалық айтты

133

Бұл туралы Трамп бейсенбі күні Ақ үйде өткен іс-шара барысында мәлімдеді.

Трамп Украина бойынша келіссөздерге қатысты тағы бір жаңалық айтты Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтату бойынша келіссөздердің белгілі бір нәтижеге жақындап қалғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Киев жылдам әрекет етуі қажет. Украина тым баяу қимылдаған кезде Ресей өз пікірін өзгертіп отыратыны да айтылды. Дональд Трамп бұл мәлімдемені АҚШ пен Ресей өкілдері арасындағы алдағы демалыста жалғасатын келіссөздерге байланысты жасаған.

Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Ресей делегациясымен Майамиде кездесуді жоспарлап отыр. Бұл соғысты тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізу үшін жасалатын кезекті қадам болмақ.

Өткен жексенбі және дүйсенбі күндері Уиткофф пен Кушнер Берлинде Украина өкілдерімен кездесіп, келіссөздер өткізген. Олар тараптардың ортақ ымыраға келетін күні алыс емес деген тоқтамға келген. Бірақ та, Ресейдің Украина аумағының бір бөлігін бақылауға алу жөніндегі талабы секілді негізгі мәселелер әлі ашық күйінде қалып отыр.

Бейсенбі күні Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Вашингтонмен байланыс орнатуға әзір екенін айтқан. Ресей АҚШ-тың Украинадағы дағдарысты реттеу бойынша жоспары қаншалықты өзгергенін түсінгісі келетіні белгілі болды.

Айта кету керек, бұған дейін Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро бөлетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу