Трамп Украинадағы жағдайды "геноцид" деп атады

755

Байден де осындай пікірде. 

Трамп Украинадағы жағдайды "геноцид" деп атады

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдайды "геноцид" деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұған дейін қазіргі Президент Джо Байден де осыған ұқсас мәлімдеме жасаған болатын. 

"Украинада болып жатқан оқиғалар – геноцид", – деді Трамп.

Ол өзінің президенттік мерзімінде Ресейдің Украинада "арнайы әскери операция" бастамағанын, өйткені оның арқасында АҚШ "әлемдегі ең қуатты және соғысқа қабілетті ядролық қаруға" қол жеткізгенін мәлім еткен еді. 

Еске сала кетсек, Байденнің Ресей басшысы Владимир Путиннің Украинадағы саясатын "геноцид" деп 13 сәуірде жариялады. Мемлекет басшысы АҚШ билігінің мұндай мәлімдемелерді растайтын дәлелдердің бар екенін атап өтті. Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков бұл сөздерге "орынсыз" деген баға берді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу