ТАСС басылымының мәліметінше, ол Украинаға АҚШ пен Еуропа тарапынан қауіпсіздік кепілдіктері берілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Бірақ бұл НАТО аясында емес. Кейбір нәрселер ешқашан болмайды", – деді Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге бара жатқан ұшақ бортында журналистерге.
Сондай-ақ ол "Иә, Еуропамен бірге – бұл мүмкін" деп қосты. Дегенмен, қандай кепілдіктер ұсынылуы мүмкін екені туралы нақты ақпарат берген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу