Трамптың айтуынша, Венесуэлада мұнай қоры мол, ал ірі мұнай компаниялары елге миллиардтаған доллар инвестиция салып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Дональд Трамп Венесуэладан жеткізілген 1 млн баррель мұнай Техаста өңделетінін және бұл шикізат америкалық салық төлеушілерге тегін беріліп жатқанын айтты. АҚШ басшысы мұның бензин мен дизель бағасын төмендетуге ықпал ететінін жеткізді.
Сондай-ақ Венесуэлада жаңа ашылған жұмыс орындарына тоқталып өтті. Алайда елдің АҚШ құрамына қосылуы жөнінде нақты шешім қабылданған жоқ. Трамптың бұл сөзі әзірге саяси мәлімдеме деңгейінде қалып отыр.
"Венесуэлада бір жыл бұрын ешкім мүмкін деп ойламаған жұмыс орындары ашылуда. Біз өзімізге қажетті мол мұнайды алып жатырмыз, шынымен де өте көп. Бұл ел гүлденген мемлекетке айналады, кім біледі, бәлкім, жақын арада ол гүлденген 51-штатқа айналар. Бұл әбден мүмкін. Солай істейік! Оны 51-штатқа айналдырайық. Сонда президенттің орнына губернатор сайлайтын боламыз. Қалай қарайсыздар? Түсінікті ғой", – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Айта кетейік, Гавайи – 1959 жылдың тамыз айында Америка Құрама Штаттарына қосылған соңғы штат.