Трамп Венесуэланың уақытша президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бұл – АҚШ көшбасшысы мен Родригес арасындағы ең бірінші ресми байланыс.  

Трамп Венесуэланың уақытша президентімен телефон арқылы сөйлесті Фото: НТВ

Телефон қоңырауы екіжақты қарым-қатынастарда жаңа кезеңнің басталғанын көрсетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Дональд Трамп пен Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригесті "керемет адам" деп атаған. Телефон қоңырауынан соң АҚШ президенті америкалық БАҚ-қа сұхбат та берді. 

– Бүгін мен Венесуэла уақытша президенті Делси Родригеспен әңгімелестім. Біз көптеген тақырыпта сөйлестік, оның арасында мұнай, пайдалы қазбалар, сауда және ұлттық қауіпсіздік тақырыптары бар. Біз Венесуэланың қалпына келуіне көмектесеміз. АҚШ пен Венесуэла арасындағы бұл серіктестік барлығы үшін әсерлі болады. Бұл ел жақын арада қайтадан гүлденген елге айналады, – деді Дональд Трамп. 

Ал Родригес болса, бұл әңгімені жаңа саяси кезеңге қадам басу ретінде сипаттады.

– Мен АҚШ президенті Дональд Трамппен өзара құрмет атмосферасында сөйлестім, оның барысында біз халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты күн тәртібін, сондай-ақ үкіметтеріміз арасындағы шешілмеген мәселелерді талқыладық, – деп жазды Делси Родригес X әлеуметтік желісінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу