Трамп жарты сағатқа қамалды

327

АҚШ экс-президентіне қатысты 4 қылмыстық іс қозғалған.

Трамп жарты сағатқа қамалды Фото: Ашық дереккөзден

Дональд Трамп ресми қамауға алынды. Атлантаға жеке ұшағымен ұшып келіп, тергеушілерге саусақ ізін тапсырды. Қамауға алар алдында суретке түсіп, ресми рәсімнің бәрінен өтті. Алайда, жарты сағатқа жетпей жатып, экс-президент әуежайға қайта оралды. Себебі, Джорджия соты белгілеп берген 200 мың доллар көлеміндегі депозитті өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы президент және тағы 18 адам, 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жоюға тырысқаны үшін айыпталуда. Дональд Трампқа қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Алайда, бұл оның сайлау науқанына қатысуына кедергі емес. Саясаткердің өзі, тағылған айыптың бәрін жоққа шығарып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу