Трампқа импичмент жарияланды

998

Дональд Трамп –өкілдер палатасы оған қарсы екі мәрте импичмент жариялаған алғашқы президент.

Трампқа импичмент жарияланды

АҚШ Конгресінің төменгі палатасы, яғни өкілдер палатасы Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге байланысты елдің қазіргі президенті Дональд Трампқа импичмент жариялады. Заң шығарушылардың басым бөлігі бұл бастаманы қолдап отыр. 232 адам құжатты мақұлдап қол қойса, 197-і қарсы болды. Мемлекет басшысын биліктен шеттету керек дегендердің арасында Республикалық партияның 10 мүшесі бар.

Трампқа "зорлы-зомбылыққа итермеледі", "АҚШ-тың қауіпсіздігі мен үкіметтік институттарын қатерге тікті" деген айыптар тағылды. Өкілдер палатасы мүшелерінің пікірінше, Трамп Ұлттық қауіпсіздік пен демократияға қауіп төндіріп отыр, сондықтан оны қызметінен босату керек.

Өкілдер палатасының қарар қабылдауы – процестің алғашқы қадамы. Енді құжатты Конгрестің сенаты қарастыруы тиіс.Ескере кететін жайт, Трамп –өкілдер палатасы оған қарсы екі мәрте импичмент жариялаған алғашқы президент. 

Табиғат Нұрболат

Фото: gazeta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу