АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсімінде еліміздің атынан  Қазақстанның АҚШ-тағы істеріне уақытша сенімді өкілі Еркін Ақынжанов қатысады, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
"Американың тәжірибесі бойынша ұлықтау рәсіміне дипломатиялық корпустың өкілдері қатысады. АҚШ президентінің ұлықтау рәсіміне Қазақстанның атынан істерге уақытша сенімді өкіл Еркін Ақынжанов қатысады", – деді Әнуар Жайнақов.
Дональд Трамп жұма, 20 қаңтарда ұлықталады. 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        