Трамптың әуе кемесі ұшақпен соқтығысты

148

Вест Палм-Бич халықаралық әуежайында Трамптың ұшағы қанатымен бизнес-джетке тиген. 

Трамптың әуе кемесі ұшақпен соқтығысты Фото: РИА Новости

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың Boeing 757 ұшағы Флоридадағы әуежайда басқа бортпен соқтығысқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттіктің сұхбаттасушысының айтуынша, Трамптың ұшағы Вест Палм-Бич халықаралық әуежайында қанатымен іскери ұшаққа тиген.

АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігінің (FAA) есебінде жеке Boeing 757 тұрақта тұрған корпоративтік реактивті ұшақты соқты, бұл құжатта борттың Трампқа тиесілі екендігі көрсетілмеген, деп атап өтті Reuters. Ведомство тергеу жүргізеді.

Бұл ретте экс-президенттің штаб-пәтерінде Reuters сұрауына жауап берілмеді. Сенбіде, агенттіктің хабарлауынша, Трамп Нью-Джерсиде митинг өткізді, ал ұшақ оқиғасы жексенбіде жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат бір шамасында Вест Палм-Бичке қонғаннан кейін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу