ХАМАС АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы соғысты тоқтатуға қатысты жоспарына жақын арада ресми жауап бермек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ұйымның саяси бюросының мүшесі Мұхаммед Неззалдың БАҚ-қа жасаған мәлімдемесінде айтылған.
"ХАМАС 30 қыркүйекте жоспар жарияланған кезден бастап, Палестинадағы түрлі топтармен, тәуелсіз тұлғалармен, ел ішіндегі және сыртындағы делдалдармен кеңесіп жатыр. Бұл жоспар бойынша бірқатар сын-ескертпелеріміз болғанына қарамастан, біз бұл мәселеге байыппен қараудамыз", – деді Мұхаммед Неззал.
Оның айтуынша, ХАМАС АҚШ ұсынған жоспарға жақын арада нақты жауап береді. Неззал алдағы шешімде палестиналықтардың мүддесі мен ұлттық ұстанымдары ескерілетінін айтты.
"Біз толық келісім беру немесе бас тарту деген нұсқаны қабылдамаймыз. Біз уақыттың тығыздығы немесе қандай да бір қауіптің қысымымен әрекет етпейміз", – деді ол.
ХАМАС келісімге қол жеткізуге ниетті екенін де жазылған.
Ақ үй ұсынған жоспар 20 тармақтан тұрады. Бұл құжатты ХАМАС-қа Қатар мен Египет жолдаған.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп пен Нетаньяху Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы келісімге келгенін жазғанбыз.