Трамптың иммиграциялық жарлығы адамның базалық принциптері мен құқықтарын бұзады – БҰҰ бас хатшысы

954

Трамптың иммиграциялық жарлығы адамның базалық принциптері мен құқықтарын бұзады – БҰҰ бас хатшысы

Америка президенті Дональд Трамптың АҚШ аумағына адамдардың келуін шектеуге бағытталған жарлығы кемсітушілік сипатқа ие, деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.
"Ол (жарлық – ИФ) діни, нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке негізделмеуге тиіс, өйткені ол біздің қоғамның негізі болып табылатын  базалық принциптер мен құндылықтарға қайшы келеді", – делінген мемлекеттік хатшының мәлімдемесінде.
Сонымен қатар А.Гутерриш Дональд Трамптың қаулысы "біз күрес жүргізіп жатқан көптеген террорлық ұйымдар жүргізіп жатқан насихатқа қолдау ретінде жағымсыз әсер мен зұлымдықты тудырады" деп атап өтті.
Өткен демалыста АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-қа босқындардың кіруін 120 күнге шектеді және Ирак, Сирия, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен секілді жеті мұсылман мемлекеті азаматтарының кіруін 90 күнге тоқтатып қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу