Трамптың отбасы 1 күнде 5 млрд доллар табыс тапты

151

Бұл көрсеткіш оның жылжымайтын мүлікке салған инвестицияларынан да асып түсті.

Трамптың отбасы 1 күнде 5 млрд доллар табыс тапты Фото: forbes.ru

Дональд Трамптың отбасы бір күнде криптовалюта арқылы 5 млрд доллар табыс тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты Forbes журналына сілтеме жасап.

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Трамп компаниясы мұндай пайдаға жаңа цифрлық валютаны жасап шығарған соң кенеліп отыр. Қазір АҚШ басшысының отбасы әлемдегі барлық токендердің төрттен біріне иелік етеді. Оның үш ұлы – жобаның тең құрылтайшылары.

Бірақ Трамп отбасының негізгі бизнесі – жылжымайтын мүлік. АҚШ президенті жанұясының бұл кәсіптегі активтерінің жалпы құны 1 млрд 600 млн доллардан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу