Трамптың үйінде құпия құжаттар табылғаны расталды

790

Бұған дейін арнайы қызметтер АҚШ Ұлттық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының сұрауына қарамастан, бұрынғы президент барлық құпия құжаттарды қайтарған жоқ деп күдіктенген болатын.

Трамптың үйінде құпия құжаттар табылғаны расталды

Тамыздың басында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Флоридадағы резиденциясын тінту кезінде ФТБ шетелдік үкіметтің әскери қорғанысы мен оның ядролық әлеуетін сипаттайтын құпия құжатты тапты. Бұл туралы The Washington Post материалында айтылған.

Сарапшылардың айтуынша, тінту нәтижелері бойынша АҚШ билігі Трампқа бірнеше қылмыстық айып тағуы мүмкін, соның ішінде "құпия ақпаратты қасақана дұрыс пайдаланбау".

Бұған дейін Трамп ФТБ тәркілеген жазбалар құпиясыздандырылғанын айтып, ал агенттер анықтаған дәлелдер қолдан жасалғанын айтады.  

Динара Мұрат

Фото: static.dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу