Транскаспий бағдарының мүмкіндігі Роттердамда талқыланды

949

Транскаспий бағдарының мүмкіндігі Роттердамда талқыланды

Роттердамда (Нидерланды) "Intermodal Europe-2016" халықаралық контейнерлік және интермодальдық тасымалдау көрмесі аясында Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) тұсаукесері өткізілді, деп мәлім етті "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

ТХКБ мүмкіндігі мен даму болашағы туралы қазақстандық, әзербайжандық, грузин логистикалық операторлары "KTZ Express" АҚ, "ADY Express" ЖАҚ, "ACSC Logistics" ЖАҚ "GR Logistics&Terminals" компаниялары баяндады. Тұсаукесерге қатысушылар Қытайдан Қазақстан аумағы,Түркия және Каспий аймағы арқылы ЕО елдеріне шығатын бағдарға қызығушылық танытты. Оның ішінде, ұсынылған мерзімдегі жеткізу мен тасымалдау үдерісін ұйымдастыру технологиясы назар аудартты.

Көрме аясында "KTZ Express" АҚ басшысы әртүрлі компаниялардың жетекшілерімен кездесулер өткізді. Олардың ішінде Hanjin Shipping, Wallenius Wilhelmsen Logistics, VL Logistics, Ahlers, Uni-Laman Group, Excel Trading, FMS Group, Sigma Logistics, DB Schenker Italy басқа да шетелдік компаниялар бар. Халықаралық транскаспий көлік консорциумы өкілдері "Жаңа Жібек жолы: Еуропа мен Қытайды қосатын Транскаспий бағдары" атты бизнес-сессия өткізді. Бизнес-сессия барысында бағдардағы тасымалдауды ұйымдастыру және оның пайдасы мен мүмкіндігі талқыланды. Шараға қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағдары Қытайдан Еуропаға шығатын жаңа логистикалық өнім ретінде қабылдады.
Айта кету керек, биылғы жыл басынан бері мұндай шара Шанхайда "Transport Logistics China 2016" халықаралық көрмесі) Киевте ("ТрансУкраина-2016"халықаралық көрме аясында) қытайлық және украиналық логистикалық компанияларының қатысуымен жүк жөнелтуші компаниялармен өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу