"Транснефть" ЖАҚ қазақстандық компанияларға өтемақы төлеуді аяқтады

849

Қазақстандық компаниялар кондицияланбаған мұнай үшін "Транснефть" ЖАҚ-тан өтемақы алды.

"Транснефть" ЖАҚ қазақстандық компанияларға өтемақы төлеуді аяқтады

"ҚазТрансОйл" 27 ақпанда "Транснефть" ЖАҚ-тың қазақстандық компанияларға өтемақыны толық төлеп біткенін хабарлады.

Осылайша, Усть-Луга портындағы 699 мың тоннаға жуық кондицияланбаған мұнайды тиеп жөнелту шығындарын өтеу мәселесінде қазақстандық мұнай компанияларының атынан мәлімдеме жасайтын "ҚазТрансОйл" АҚ мен "Транснефть" ЖАҚ арасындағы қол қойылған келісімдер шеңберінде барлық 38 қазақстандық жүк жөнелтуші төлемдер алды.

Еске салсақ, өткен жылы сәуір-мамыр айларында "Транснефть" ЖАҚ магистралдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстар табылып, төтенше жағдай қалыптасқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу