Трансшекаралық өзендер мәселесі: Экология министрлігі келіссөздерге қатысқан сарапшыларға ақша төлейді

1215

Лот мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды.

Трансшекаралық өзендер мәселесі: Экология министрлігі келіссөздерге қатысқан сарапшыларға ақша төлейді

Экология министрлігі трансшекаралық өзендер мәселесі бойынша келіссөздерге қатысқан сарапшыларға ақша төлейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Мемлекеттік сатып алудың мақсаты – трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шекаралас мемлекеттермен үкіметаралық бірлескен комиссиялар мен жұмыс топтары шеңберінде сарапшылар ретінде ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарын, су шаруашылығы саласындағы жоғары білікті мамандарды (мемлекеттік емес қызметші болмауы тиіс) тарту арқылы келіссөз тобының қазақстандық құрамын күшейту.

Қызмет көрсетуші тартылатын сарапшылар мен аудармашыларды келіссөздерге қатысатын қазақстандық делегацияның негізгі тобы ұшатын рейске авиабилеттерді (экономкласс екі жағы да) алып беру, қазақстан делегациясы орналасатын қонақүйге орналастыру, мемлекеттік қызметшілер сияқты тәуліктік төлеммен қамтамасыз етуі тиіс.

2022 жылы барлығы 35 отырыс жоспарланған, оның ішінде Қазақстанда – 15 отырыс. Шекералас мемлекеттер аумағында – 20 кездесу және Қытай – 5, Қырғызстан – 3, Өзбекстан – 3, Ресей – 8, Түркіменстан – 1.

Әр іс-шараға тартылған сарапшылар саны – 2-10 аралығында.

Өтінімдерді алдын ала қабылдау 9 желтоқсанда басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу