Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды

84

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды Фото: polisia.kz

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция барысында адамдарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы “жалақысы жоғары жұмыс” туралы жарнама таратқан. Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан. Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған. 

"Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды. Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді", – делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу