Транзит көліктерге қатысты шектеулер мен тыйымдар салынды

1532

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен, жалпы көрші елдермен салыстырғанда бізде жанар-жағармай бағасы төмен. Сондықтан транзит көліктер Қазақстанда жанармайды әртүрлі жолмен көптеп құйып алуға тырысады. 

Транзит көліктерге қатысты шектеулер мен тыйымдар салынды

Энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгінгі үкімет отырысында "көлеңкелі экспорттың" алдын алу үшін бірнеше шара қабылданғанын мәлімдеді.

Олар:
- Өздігінен бак орнатқан көліктердің ел аумағына кіруіне тыйым салу; 
- Транзиттік көліктің тәулігіне бір рет қана өтуі;
- Кейбір мұнай өнімін экспорттық кеден бажын төлемей, теміржол көлігіне тиеп жөнелтуіне тыйым салу;
- Уәкілетті органдар тарапынан шекарада мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуіне бақылауды күшейту;
- Автожанармай құю стансаларында импорттық отынға сараланған баға белгілеу мүмкіндігі;
- Көктемгі дала жұмыстарына дизель жеткізу рәсімдерін нақты регламенттеу;
- Бензин мен дизель отынын қоспағанда, мұнай өнімдері мен жартылай фабрикаттарға экспорттық кедендік бажды мұнайдың экспорттық кедендік бажының деңгейінен төмен емес ұлғайту мүмкіндігін қарастыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу