Трасс Ұлыбритания Премьері қызметінен кетуден бас тартты

479

Ұлыбритания Премьер-Министрі Лиз Трасс дүйсенбіде билеуші Консервативті партияның бірқатар депутаттарының сұрауына қарамастан өз орнын босатпайтынын мәлімдеді. 

Трасс Ұлыбритания Премьері қызметінен кетуден бас тартты Фото: ukraina.ru

"Мен мұндай жауапты қызметке мемлекеттің мүддесін қорғайтын саясат жүргізу үшін келдім. Қазір біз қиын-қыстау заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан Консервативті партияны талқылап отыратын уақыт жоқ, оның орнына жедел әрекетке көшу керек. Әріптестерімнің құлағына алтын сырға. Мен ұлттың қалауына сай әрекет ете бермекпін, сондықтан қызметімнен кетпеймін", – деді

Ұлыбритания үкіметінің басшысы 17 қазанда Британдық телеарналарға берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу