Түркияда жер сілкінді

248

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Түркияда жер сілкінді Фото: Turktrip.tv

Қара теңіздің Ыстанбұл маңында магнитудасы 3,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы (AFAD) таратқан мәліметке сәйкес, зілзаланың эпицентрі Ыстанбұлдың солтүстік-батыс бағытында, жағалаудан шамамен 16 шақырым қашықтықта, 13 км тереңдікте орналасқан.

Ал Кандилли сейсмологиялық обсерваториясы дүмпудің магнитудасын 3,9 балл деп бағалады.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 19:44-те (Астана уақытымен 17:44) тіркелген. Оны мегаполистің бірнеше аудан тұрғындары сезінген.

Абырой болғанда, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында үрей байқалмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу