Түркияның шығыс бөлігінде жер сілкінді

102

Түркияның шығыс бөлігінде 4,9 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді.  

Түркияның шығыс бөлігінде жер сілкінді Фото: focus.ua

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметтері бойынша, жерасты дүмпуінің ошағы 298 мың халқы бар Элязыг провинциясынан оңүстік-батысқа қарай 44 шақырым қашықтықта жатыр.

AFAD жер сілкінісінен кейін бірден жасалған мәлімдемеде ешқандай келеңсіз жағдай болмағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты hayatgazetesiordu басылымына сілтеме жасап.

"Әзірге сағат 21:09-да Элазыг провинциясының Сивриче ауданында болған және Малатия провинциясында да сезілген 4,9 балдық жер сілкінісінен кейін ешқандай келеңсіз жағдай болған жоқ. Далалық сканерлеу жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккен азаматтарымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз", – делінген AFAD таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу