Сонымен қатар, оның тракторы коммуналдық тұраққа қойылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен полициядан қашып бара жатқан көк трактордың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Оқиға уақытында трактор тізгіндеген жүргізуші мас күйде болған. Ол Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
– Көлікті мас күйде басқаруға жол берілмейді және бұл – өте қауіпті. Азаматтарды ережелерді сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз, – деді Полиция департаменті өкілдері.
Сот шешімімен трактор жүргізушісіне 18 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.