ТШО екпе алғандарға қосымша ақша төлемейді

991

Ол жөнінде таралған ақпарат жалған.

ТШО екпе алғандарға қосымша ақша төлемейді

"Теңізшевройл" компаниясы короновирусқа қарсы екпе алған қызметкерлеріне 70 000-130 000 теңге аралығында ақша аударғаны жөнідегі таралып кеткен ақпаратты теріске шығарды. Онда "жұмысшыларды дәріптеу мақсатында" қаражат төленіп жатқанын айтып, оны алмаған жағдайда хабарласатын телефон нөмірлері көрсетілген болатын, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

"Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнай компаниясы бұл жайында хабардар. Алайда ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ТШО-да вакцинациялау бағдарламасы ерікті түрде жүзеге асырылуда және бүгінгі күні Теңізде 94 пайыздан астам қызметкер екпе алған.

"ТШО-ның басты құндылығы – қызметкерлердің және өзіміз жұмыс істейтін қауымдастықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау болып қала бермек. ТШО компанияның және мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлері ақпараттың бастапқы көзіне ғана сенеді және егжей-тегжейлерді өздерінің тікелей басшыларымен байланысып анықтап отырады", – деп мәлімдейді компания тарапынан. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу