ТШО жобасында жұмыс істеген адам коронавирустан көз жұмды

554

Марқұм бұған дейін екі рет тексеруден өтсе де, инфекция анықталмаған. 

ТШО жобасында жұмыс істеген адам коронавирустан көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында COVID-19 індетінен көз жұмған 53 жастағы тұрғын "Теңізшеврйол" компаниясының жобасында вахталық тәсілмен жұмыс істегені белгілі болды. Мұндай ақпаратты өңірлік тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады. 

"Марқұм облыстық ауруханаға жатқызылған болатын. Кейін жансақтау бөліміне ауыстырылды. Реанимациялық шаралардың әсері болмай, науқас жан тапсырды. Оның ағзасында ілеспе аурулар болмаған", - деп жазылған департаменттің мәліметінде. 

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ТШО жобасында жұмыс істеген мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын. Осыдан кейін ватхалық кезекпен жұмыс істеп жүрген 18,5 мың адам үйлеріне қайтарылған.

ТШО іске асырып жатқан инвестициялық жобаның жалпы құны 45,2 млрд долларға тең. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу