Ту-154 ұшағының апатқа ұшырауына ықтимал төрт себеп айтылды

1082

Ту-154 ұшағының апатқа ұшырауына ықтимал төрт себеп айтылды

"Себептердің арасында техникалық ақау, экипаждың қателігі, нашар жанармай және теракт бар", – деді "Россия 2" телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі.

Бұдан бұрын үкіметтік комиссияның жетекшісі, көлік министрі Максим Соколов қорғаныс министрлігіне тиесілі Ту-15 ұшағына қатысты әуе апатының себептері туралы айту әзірше ерте, материалдар жинастырылу үстінде деген болатын.

"Әзірше материалдар жинастырылуда, ол жұмыс тәулік бойы жүргізіледі. Әуежайдан, түрлі локаторлардан – жердегі ортақ локатордан, сондай-ақ Сочидегі локатордан мәліметтер алынады. Ертең теңіз түбін тексеретін арнайы  гидролокатор келеді", – деді Соколов  НТВ телеарнасының "Апта қорытындысы" бағдарламасының жүргізушісіне берген сұхбатында.

 "Бұл апатқа қатысты қандай да бір нақты ақпарат айтуға әлі ерте", – деген еді министр.

Ал арнайы қызметтердегі дереккөздің айтуынша,  Ту-154 ұшағының құлау себебін анықтау барысында  теракт негізгі себеп ретінде қарастырылмайтынын мәлім етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу