"Туған күнін теңіз жағасында тойлаған": Ақтауда бозбала жоғалып кетті

346

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

"Туған күнін теңіз жағасында тойлаған": Ақтауда бозбала жоғалып кетті Фото: lada.kz

Каспий теңізі жағалауында Азамат Дүйсеханды іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Туыстарының айтуынша, бозбала 7 шілдеде өзінің туған күнін достарымен бірге Ақтау қаласынан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан "O'Mir" курорттық қонақүйінің маңында атап өткен. Сағат 15:00 шамасында ол теңіз жағасында жоғалып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Азаматтың туыстары, достары мен жақындары іздестіру шараларын атқарып жатыр. Жақындарының айтуынша, қазіргі қолда бар техника жеткіліксіз болып тұр.

Жоғалған жігіттің отбасы барша жанашыр азаматтардан іздеу жұмысына қолғабыс етуді сұрап, куәгерлердің хабарласуын өтінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу