Туған күнінде өз таңдауын жасады

530

Дәл қазір Құрықтағы 145 сайлау учаскесінде 18 жасқа бүгін толып жатқан Ерденбай Ажар Қайратқызы келіп, алғаш рет дауыс берді.

Туған күнінде өз таңдауын жасады Фото: inbusiness.kz

Бүгін 18 жасқа толып жатыр екен. Кәмелеттік жас оған ҚР Президентін сайлау мүмкіндігін сыйлады. 

“Бүгін менің туған күнім. 18 жасқа толсам, ересектер қатарына қосыламын деп бұл күнді асыға күттім. Есею деген — еркіндікпен қатар өзіңе жауапкершілік жүктеу деген сөз екен. Міне, бүгін туған күніме сайлау науқаны дөп келді. Алғаш рет сайлауға қатысып жаңа Қазақстан үшін, жарқын болашақ үшін дауыс бердім. Сайлау учаскесі төл мерекеммен құттықтап, сый-сияпат жасады. Мен бұған өте қуаныштымын. Мен елімнің ертеңіне сенемін, жаңа Қазақстанды құруға үлес қосамын!”- дейді ол.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу