NewTimes.kz басылымының жазуынша, 16 тамызда туған күнін атап өткен әйел келесі күні сағат 17:00-ге ұшуға жазылған.
Ұшу Диана Ахметованың көптен бергі арманы болғандықтан, ауа райына байланысты ұшпай қалудан алаңдаған. Алайда сол күні жеңіл ұшақ әуеге көтеріліп, Төңкеріс ауылының маңында апатқа ұшыраған.
Диананың артында 19 жастағы қызы мен 12 және 14 жастағы екі ұлы қалды. Былтыр балалар әкелерінен айырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу