Түйенің күл ауруына қарсы вакцина шығарыла бастады

1215

Індет анықталған орындарда "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РМК Маңғыстау филиалының мамандары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде.

Түйенің күл ауруына қарсы вакцина шығарыла бастады

Биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институты түйе індетіне сынақ өткізіп, оған қарсы вакцина шығаруға кірісті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

"Ветеринарлық медицинаның ұлттық анықтамалық орталығы" РМК зертханалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша Бейнеу, Тәжен және Сыңғырлау ауылдық округтерінде түйе індетіне байланысты карантин енгізілген еді. Түйелер арасында індет жоқ, дегенмен жануарлар оқшауланып, әкімдіктердің ветеринария бөлімдері мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының жіті бақылауына алынған.

Індет анықталған орындарда "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РМК Маңғыстау филиалының мамандары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, отандық биология және биотехнология мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты сынақтар өткізіп, түйе жұқпасына қарсы вакцинаны іске қосты. Заңнамаға сәйкес оны тіркеуді АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу