Тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 14 млрд теңгеге жетті

858

Тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау көлемі 38% артты.

Тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 14 млрд теңгеге жетті

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49% ұлғайды. Осылайша бұрынғыдай 9,4 млрд теңгені емес, 14 млрд теңгені құрады. 

"Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жоғары репродукциялы тұқым сатып алуға қолжетімділігін 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге арттыруға, яғни 39,4 мың тоннадан 135 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау көлемі 38% артқан. 

"Кепілдендірілген және сапалы өнім алуда егістерді зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу бойынша қабылданған шаралардың маңызы зор болды. Осы жылы пестицидтерді субсидиялауға 36,4 млрд теңге көзделді, бұл 2019 жылға қарағанда 9 млрд теңгеге көп. 2020 жылға дейін тек гербицидтер (арамшөптерге қарсы препараттар), биопрепараттар мен биоагенттер субсидияланды. Биылдан бастап пестицидтердің инсектицидтер мен фунгицидтер (өсімдіктер зиянкестері мен ауруларына қарсы препараттар) сияқты басқа да түрлері субсидияланады", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу