Тұқым тапшылығы сыртқа телміртіп тұр

2245

Қамбаға 2,4 млн тонна тұқым түскен.

Тұқым тапшылығы сыртқа телміртіп тұр

Ауыл шаруашылығы министрлігі қамбаларда қанша тұқым бар екенін мәлім етті. Облыс әкімдіктерінің ақпаратына сүйенген министрлік тұқым қамдау жоспары 99,7% орындалды деп отыр. 

"30 қаңтардағы жағдай бойынша 2459,2 мың тонна тұқым даярланған, бұл жоспардың 99,7%-ы деген сөз. Оның ішінде дәнді дақылдар тұқымы – 1936,0 мың тонна, майлы дақылдар – 89,1 мың тонна, жем-шөп – 15,2 мың тонна, картоп – 417,6 мың тонна", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Тұқым  дайындауда Қызылорда (83,8%), Ақтөбе (91,1%), Қостанай (98%) және Шығыс Қазақстан (99,3%) облыстары сылбырлық танытқан. 

Шығыс Қазақстан облысы көктем туа жем-шөп тұқымын сырттан іздейтін түрі бар. Жоспарланған тұқымның 64,3%-ы ғана дайындалыпты. Ақтөбе (64,7%), Батыс Қазақстан (69,6%) және Қызылорда (86,7%) облыстарының да көрсеткіші мардымсыз. Ақтөбеліктер картоп тұқымын да жеткіліксіз алған (82,1%).  

"Егіс науқаны басталғанға дейін аталған облыстарда тұқымның жетіспейтін көлемін облыс ішінде, республиканың басқа облыстарынан тұқым сатып алу және импорт есебінен толықтыру жоспарлануда", – делінген АШМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу