ТҮҚЖБ сатылғаннан кейін де мемлекет негізгі акционер болады

939

ТҮҚЖБ сатылғаннан кейін де мемлекет негізгі акционер болады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жекешелендірілгеннен кейін акциялардың бақылау пакеті мемлекет иелігінде қала береді. Бұл туралы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев айтты, деп хабарлайды Sputnik kz.
"Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жекешелендірілетін нысандар тізіміне енді. Бірақ банк акцияларының бақылау пакеті мемлекеттің иелігінде қала беретінін атап өту керек. Акциялардың тек миноритарлық бөлігі ғана сатылады деп жоспарлануда. Яғни, бір бөлігі ғана сатылуға шығарылады, бұл инвестордың банкті басқару ісіне тікелей қатысуын шектейді. Осылайша мемлекет негізгі акционер болып қала береді және банк барлық әлеуметтік функциясы мен міндетін сақтап қалады", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу