Түлектер тағы да тәртіп бұзды

2789

"Соңғы қоңырау" күнін полиция күшейтілген режимде өткізді. 

Түлектер тағы да тәртіп бұзды

Атырауда "соңғы қоңырау" салтанатын көңілді өткізген екі баланың ата-анасы айыппұл төлемек. Олар қатты қуанғаннан көлік терезесінен бастарын шығарып, қолдарын бұлғаған,– деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Қалалық полиция басқармасына қарасты жедел басқару орталығының қызметкерлері 25 мамыр күні 15:30 сағат шамасында қаладағы "Ретросаябақ" аумағынан "Toyota Camry" көлігінен басын шығарып келе жатқан екі жеткіншекті анықтап, дереу патрульдік экипажға хабар береді. Көлікті Әбілқайыр хан даңғылының бойынан тоқтатып, оның жүргізушісіне 14 585 теңге, ал 17 жастағы мектеп бітіріп жатқан екі түлектің ата-анасына 5 834 теңге айыппұл салынған. 

Бұдан бөлек, Маңғыстау облысында да "соңғы қоңырау" күнінде полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға бес жүзден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Соған қарамастан, әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы көлік тұрақтарының бірінде автокөліктің дрифт жасағанын қызықтаған мектеп түлектерінің бейнежазбасы кеңінен тарап кетті. Қазіргі күні жүргізушінің үстінен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 және 593-баптары бойынша хаттама толтырылып, жауапқа тартылған.

Бұған дейін мектеппен қоштасу күнінде төбелес шығарған бейнеулік жасөспірімдер жөнінде жазған болатынбыз. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу