Түлектердің 75%-ы қазақ тілінде, 24,8%-ы орыс тілінде тестілеуден өтті

1162

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 170 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде түлектердің 75%-ы қазақ тілінде, 24,8%-ы орыс тілінде, 0,1%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түлектердің 75%-ы қазақ тілінде, 24,8%-ы орыс тілінде тестілеуден өтті

ҰБТ басталғанына алтыншы апта. Тестілеу 5 шілдеде аяқталады. Талапкерлердің 67%-ға жуығы шекті балды жинай алған. Ал орташа балл – 66.

"Тестілеудің бесінші аптасы аяқталды, барлығы штатты режимде өтіп жатыр. Жалпы негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 290 мыңға жуық өтініш келіп түсті, олардың ішінде 160 мың өтініш бірінші мүмкіндікке, 130 мың өтініш екінші мүмкіндікке берілген. Қазіргі таңда 170 мың рет тест тапсырылды, яғни талапкерлер екінші мүмкіндігін пайдалана бастады. Өткен аптамен салыстырғанда орташа балл 1 баллға жоғарылады. ҰБТ 5 шілдеде аяқталады", – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Талапкерлердің, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін ҰБТ тапсыру уақыты 40 минутқа ұзартылған. Сонымен қатар олар үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар жасалған.

"Қабылданған шаралар арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тестіленушілер саны артып келеді. Егер 2021 жылы негізгі ҰБТ-ға 90 бала қатысса, биыл бес апта ішінде тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 525 бала қатысты", – дейді тестілеу орталығынан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу