Түлкібас ауданында 20 көпбалалы отбасы баспаналы болды

863

Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданында 20 көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түлкібас ауданында 20 көпбалалы отбасы баспаналы болды

"Көпбалалы отбасыларды тұрғын-үймен қамту" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын-үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар жаңа жылда қоныс тойын тойлағалы отыр. Аталмыш бағдарлама бойынша аталған отбасылар жалпы құны 8 млн 400 мың теңгені құрайтын, аумағы 60-100 шаршы метр аралығындағы дайын үймен қамтамасыз етілді.

Үй кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен арнайы қатысып, отбасыларды жаңа баспаналарымен құттықтады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу