Түркістан облысы Түлкібас ауданында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан бір әулеттің бес қызы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тағы бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, аудан аумағындағы тасжолда Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.
– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда барынша сақ болуға шақырды.