"Тұлпар-Тальго" зауытында құрастырылған жаңа вагондар таныстырылды

1603

Жаңа плацкарт вагондары 54 орынға есептелген. Қызмет ету уақыты 40 жыл. 

"Тұлпар-Тальго" зауытында құрастырылған жаңа вагондар таныстырылды

Бүгін Нұр-Сұлтан-1 вокзал кешенінде ұлттық тасымалдаушы ресей технологиясына сай (Тверь вагон жасау зауыты) отандық "Тұлпар-Тальго" зауытында құрастырылған жаңа вагондардың презентациясын өткізді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" баспасөз орталығы.

Осыдан 3 ай бұрын 25 жаңа вагон іске қосылған болатын. Ол вагондар шілде айынан тұрақты түрде № 377/378 "Алматы-Маңғыстау" бағыты бойынша қатынайтын пойыздардың құрамына тіркелді.

Жаңа плацкарт вагондары 54 орынға есептелген. Қызмет ету уақыты 40 жыл. Жолдағы максималды жылдамдығы 160 км/сағ.

Вагон ішінде кондиционер жүйесі, өртке қарсы жүйе және су қоры, екі биотуалет, видео бақылау жүйелері орнатылған. Әр вагонда 6 видеокамера орналасқан. Олар бейнені түрлі-түсті және ақ-қара режимінде түсіреді. Барлық таспа штабтық вагондағы пойыз басшысының қадағалауында болады. Әр купе және ортақ дәліз екі 220В қуат беретін розетка және ұялы телефонды қуаттандыруға арналған екі USB-портпен қамтылған. Әр вагонда жолсерікке арналған тоңазытқыш пен микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері мен ыстық суымен титан орнатылған. Сонымен бірге байланыс, диагностика және басқару жүйелері қарастырылған. Әжетханалар экологиялық таза блок қондырғыларымен толыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу