Қалың тұманға байланысты Алматы–Қонаев трассасының жекелеген учаскелері жабық, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"1 желтоқсанда сағат 7:15-тен бастап Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы автожолының бақылау өткізу бекетінен бастап Қонаев қаласы аралығындағы (25–67 км) учаскеде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылады. Жол қозғалысы шамамен 10:00-де ашылады деген жоспар бар", – делінген ресми ақпаратта.
Синоптиктер бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түседі деп болжап отыр. Ал елдің орталық және солтүстік өңірлерде көктайғақ болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу