Түнгі уақытта отшашу атқан екі елордалық 5 тәулікке қамалды

220

23 жастағы ер адам сүйіктісінің туған күнін отшашумен атап өтпек болған.  

Түнгі уақытта отшашу атқан екі елордалық 5 тәулікке қамалды Фото: polisia.kz

Алайда оның әрекеті жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалануға байланысты қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу фактілерінің алдын алу жұмыстары жалғастырып жатыр.

Қаладағы білім беру ұйымдарының бірінің маңында пиротехникалық бұйымдарды іске қосу фактісі анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасау, тыныштықты бұзу, сондай-ақ елді мекендерде және бұл үшін арнайы белгіленбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану бойынша тағы бір дерек тіркелді. 22 жастағы ер адам досын туған күнімен құттықтау мақсатында отшашу атып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен оған да бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен тыныштық талаптарын сақтауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу