Мобильдік смарт-сот жүйесі сынақтан өткізілуде

918

   

Мобильдік смарт-сот жүйесі сынақтан өткізілуде

Аймақтардағы сот процестері қашықтан жүргізілмек. Ол үшін жақсы интернетпен смартфон болса жеткілікті. Шағымданушы мен жауап беруші сот залына келмей–ақ телефон арқылы іс жүргізіледі. Бұл әзірге Жоғары соттың пилоттық жобасы ғана. Десе де бұл тәжірибе сотқа қатысушылардың барлығына да ұнайтыны байқалады. Әсіресе шалғайда тұратын кәсіпкерлерге ыңғайлы болмақ. Сот отырысына қатысу үшін ақша шығындап, уақыт өлтірудің қажеті жоқ.

Осындай телефон арқылы смарт–сот Петропавл қаласында өтті. Смартфон арқылы ауыл әкімдігі қосылды. Екі жыл бұрын әлде бір жеке компания бас жоспарды жасаған болатын. Жұмыс қабыл алынып ақшасы төленгеніне қарамастан енді шенеуніктер шағым түсіріп отыр. Мәселе сот арқылы шешілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу