Жиынға қала басқармаларының өкілдері, сәулетшілер, ландшафт дизайнерлері және құрылыс ұйымдарының мамандары қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырхан Сүлейменовтың мәліметінше, саябақ 2010 жылы ашылған. Оның аумағы 15 мыңнан астам ағаш отырғызылған аллеялар мен дендрологиялық аймақтарға бөлінген. Саябақтағы суару жүйелерінің тозығы жеткен.
"Қазіргі уақытта қолданыстағы автоматты суару жүйесі тек жартылай жұмыс істеп тұр, сондықтан оны толық жаңғырту қажет. Заманауи технологияны қолданып, су ағызу құбырларын тазартып, суару жүйесін толық жаңарту жоспарланып отыр", – делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Жаңарту жобасы саябақты орнықты көгалдандыру тұжырымдамасын қамтиды. Атап айтқанда, ағаш пен бұтаның түрін көбейту, алуан түрлі шөптесін өсімдіктерден тұратын экожүйелер мен жасыл аймақтар құру көзделген. Олардың арасында 4 гектар аумақта қарағай мен қайыңнан тұратын тоғай да бар.
Сонымен қатар 5,5 мыңнан астам гүлдейтін ағаш егу көзделген.
Қала басшылығы жобалық шешімдерді нақтылап, көгалдандыру жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді, суару инфрақұрылымын жаңартуды және саябақтың табиғатты қорғау қызметін күшейтуді тапсырды.