Тунистің бұрынғы президенті 22 жылға бас бостандығынан айырылды

174

Сот бұрынғы президент Монсеф Марзукиді сырттай 22 жылға соттаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тунистің бұрынғы президенті 22 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: ria.ru

Шешім туралы бүгін Reuters агенттігі хабарлады. 79 жастағы Марзуки қазіргі билік үшін мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндірді деп айыпталып отыр. Бұрынғы президенттің өзі Парижде қуғында жүр.

"Менің бұл судьяларға айтарын: сендердің үкімдерің заңсыз. Жақында сендердің өздерің сот алдында боласыңдар. Демократия қайтып оралады", – деді Марзуки үкімге байланысты пікірінде.

Марзуки 2011–2014 жылдар аралығында Тунистің президенті болған. Ол Каис Саидты парламентті таратып, авторитарлық режим орнатты деп айыптап келеді. Ал Саид өз әрекеттерін ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында жасалған қажетті қадамдар деп түсіндіреді.

Тунис бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарыс жағдайында өмір сүріп келеді. Халық кофе, сүт, қант сияқты негізгі азық-түліктерге қол жеткізуде қиындық көріп отыр.

2021 жылдың жазында президент Саид үкіметті таратып, парламенттің жұмысын тоқтатты. Кейін ол жаңа Конституция қабылдатып, өз өкілеттіктерін кеңейтті. Алайда Reuters мәліметінше, Саид билікті күшейткеніне қарамастан, елдегі экономикалық жағдайды жақсарта алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу