Түпқараған ауданында жылыжай салынуда

748

Бұл жоба "Еңбек" бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.

Түпқараған ауданында жылыжай салынуда

Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр ауылында жаңа жылыжай іске қосылмақ. Қазіргі таңда бір шаршы метрден 20-25 келі өнім алатын қуаты бар, 480 млн теңге тұратын және бір гектар аумақты алып жатқан жылыжай салынып жатыр. 

"Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы аясында Түпқараған ауданына шағын несие алып, кәсіптерін ашу және одан әрі дамыту үшін 110 млн теңге бөлінген. Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша тоғыз кәсіпкер 40 млн теңге қаражат алды. Тағы жеті жоба комиссия қарауына ұсынылды. Шағын несиелер жұмыссыз азаматтарға кәсібін ашуға, сондай-ақ, орта және шағын кәсіпкерліктерін одан әрі дамыту үшін берілетіндіктен, алдағы уақытта да тұрғындарға өз кәсіптерін ашуға және дамытуға септігін тигізбек", – дейді Түпқараған аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысы Дәулет Өтебалиев.

Аталған ауданда ауыл шаруашылығымен айналысaтын 317 шаруашылық  және  үш жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген. Оның 286-сы мал шаруашылығымен және 31-і егін шаруашылығымен айналысады. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу