Тур сатып аларда қандай құжаттарды тексеру керек?

193

Саяхатқа шығарда сақ болыңыз!

Тур сатып аларда қандай құжаттарды тексеру керек? Фото: Вектор Казахстана

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туристік қызметті рәсімдеу кезінде азаматтарға бірнеше маңызды құжатқа назар аударуға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандардың айтуынша, тур сатып алмас бұрын турагенттің қызметі заңды түрде тіркелгеніне көз жеткізу қажет. Ол үшін компанияның мемлекеттік электронды тізілімге енгізілгенін және турагент қызметінің басталғаны туралы хабарламасы бар екенін тексерген жөн.

Сондай-ақ туристік қызмет көрсету туралы шартқа ерекше назар аудару керек. Құжатта:

баратын ел мен сапар мерзімі;
турдың толық құны;
төлем тәртібі;
турдан бас тарту шарттары;
тараптардың жауапкершілігі;
қаражатты қайтару талаптары нақты көрсетілуі тиіс.

Мамандар төлем жасағаннан кейін міндетті түрде фискалдық чек талап етуге кеңес береді. Сонымен қатар қаражатты менеджерлердің жеке шоттарына аудармаған дұрыс.

Тур толық рәсімделгеннен кейін туристке:

ваучер;
әуе билеттері немесе маршруттық түбіртек;
сақтандыру полисі;
туркод берілуі қажет.

Туркод туристің құқықтарын міндетті кепілдендіру жүйесі аясында қорғалатынын растайды.

Қандайда бір қауіпті сезгенде, Төтенше жағдай туындаған жағдайда туристерге Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің "Туристік Қамқор" жедел желісіне  +7 700 112 2 112 хабарласыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу